logo

Денис Евсеев Таиландтағы турнирдің екінші айналымына шықты

Денис Евсеев Таиландтағы турнирдің екінші айналымына шықты

Таиландтағы Челленджер турнирінде екі қазақстандық теннисші — Денис Евсеев пен Бейбіт Жұқаев өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Денис алғашқы матчында ресейлік Егор Герасимовты 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

Ал Бейбіт алғашқы матчта венесуэлалық Гонсалу Оливейрадан 7:6, 6:4 есебімен жеңіліп қалды.

Екінші айналымда Евсеев тайваньдық Тун-Лин Вуға қарсы ойнайды.



Күн шежіресі