logo

Омарханов Жапониядағы беделді турнирдің ширек финалына жолдама алды

Омарханов Жапониядағы беделді турнирдің ширек финалына жолдама алды

Жапонияның Осака қаласында J500 бірінші санатындағы беделді жасөспірімдер турнирі жалғасуда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ITF жасөспірімдер рейтингінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов үшінші айналымда Ресей өкілі Егор Плешивцевті (95 ITF Juniors) жеңді. Есеп 4:6, 6:1, 7:5.

Ширек финалда қазақстандық колумбиялық теннисші Мигель Табонға (20 ITF Juniors) қарсы ойнайды .



Күн шежіресі