logo

Бразилия футболының түлегі «Ұлытауға» ауысты

Бразилия футболының түлегі «Ұлытауға» ауысты

Бразилиялық «Оле Бразил» клубның түлегі Рафкат Аслан «Ұлытау» командасының құрамын толықтырды, деп хабаралайды Sport Plus Qazaqstan.

«Ұлытау» қорғаушы Рафкат Асланмен ресми келісімшарт жасасты.

30-жасар қорғаушы бразилиялық «Оле Бразил» клубында үш жыл тәлім алды. Сонымен қатар ол «Тобыл», «Ақтөбе», «Атырау», «Ертіс», «Каспий» және «Жетісу» командаларында өнер көрсетті.

Қазақстан жастар құрамасының сапында 22 ойын өткізді, ұлттық құрама сапында бір матчы бар.