logo

Болашақта нағыз жұлдызға айналуы мүмкін: IBA-ның вице-президенті Нұрбек Оралбайдың кәсібилігіне баға берді

Болашақта нағыз жұлдызға айналуы мүмкін: IBA-ның вице-президенті Нұрбек Оралбайдың кәсібилігіне баға берді

14 жыл бойы Украина бокс федерациясын басқарған және қазіргі халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) бірінші вице-президенті Владимир Продивус sports.kz-ке берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың аяқ алысына баға берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қарағанды облысының тумасы Владимир Продивус Нұрбек Оралбай-Хижняк финалынан алған әсері туралы айтып, қазақстандық әуесқой бокстың дамуына сенім білдірді.

«Финал Париж олимпиадасының сәніне айналды. Хижняк пен Оралбай арасындағы жекпе-жек бірінші секундтан соңғы секундқа дейін созылды. Дегенмен, бұл финалда Александр алтын алу үшін барын салды. Украиндық жігіт өзінің агрессивті стилі мен ерік-жігерін көрсетті, ал Оралбай техникалық тұрғыда осал болмай шықты.  Екі боксшының аянып қалмай, соңына дейін жұдырықтасқаны жекпе-жекті одан сайын қызықты етті», - дейді Владимир Продивус.

IBA бірінші вице-президенті Нұрбектің алтынға бергісіз күмісін жоғары жетістік екенін айтады.

«Нұрбек өзін өте талантты және төзімді боксшы ретінде көрсетті. Оның техникасы мен тактикалық ойлануы мақтауға тұрарлық. Ол аяғына дейін күресіп, Хижнякқа оңай жеңіске жетуге мүмкіндік бермеді. Оның финалда өнер көрсетуі Қазақстанның бокс мектебінің жоғары деңгейін көрсетті және ол өз елінің ең перспективасы зор боксшыларының бірі екені анық», - деді Владимир Продивус.