Белал Мұхаммад Рахмоновпен жекпе-жек туралы: Мен оны бірінші болып нокаутқа жіберемін

UFC лигасының жартылай орта салмақтағы чемпионы америкалық Белал Мұхаммад жеңілмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновты жеңген алғашқы жауынгер болуға уәде берді, деп хабарлайды Sport+.
«Мен айтқанымдай, мен өзімді жартылай орта салмақтағы ең мықты, дәл қазір әлемдегі ең мықты деп санаймын. Мен барлық жауынгерлерге қарап, олардың жекпе-жектерін талдағанда, бұл менің сенімділігімді арттырады. Мен өз салмағымда бәрінен асып түсетініме сенімдімін. Мүмкіндік болған кезде мен бүкіл әлемге өз күшімді дәлелдейтініме сенімдімін. Ал Шавкатпен жекпе—жекке келгенде, мен оны бірінші болып жеңемін, оны бірінші болып нокаутқа жіберемін», — деді Белал Submission Radio берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, Рахмонов пен Мұхаммад 2024 жылдың 7 желтоқсанында төбелесуі керек еді, бірақ американдық файтер сүйек инфекциясына байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Оның орнына Шавкат ирландиялық Иэн Гарримен кездесіп, оны төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңді.