UFC ресми түрде Асу Алмабаевтың жекпе-жегін жариялады

UFC ресми түрде 2 наурыз күні UFC Vegas 103 (UFC Fight Night 253) кешінде өтетін жеңіл салмақтағы үш жекпе-жекті жариялады, деп хабарлайды Sport+
Қазақстан спортшысы Асу Алмабаев UFC лигасындағы бесінші кездесуін өткізеді, оның қазіргі рекорды 4-0.
Турнир UFCдің түсірілім алаңы саналатын және көрермен саны шектеулі болатын UFC Apex аренасында өтеді.
Манель Капе (20-7, №6) - Брэндон Ройвал (17-7, №1)
Асу Алмабаев (21-2, №8) - Стив Эрцег (12-3, №9)
Рамазан Темиров (18-3) - Чарльз Джонсон (17-6, №12)
Асу Алмабаев UFC лигасында Одди Осборнды сабмишнмен жеңіп дебют жасаған еді. Бұл жекпе жек 2023 жылдың тамыз айында өтсе, 2024 жылы қатарынан төрешілер шешімімен СиДжей Вергар, Хосе Джонсон және Матеус Николауды жеңді.
30-жасар спортшы аралас жекпе-жекте 17 жеңіске жеткен. Қазіргі уақытта UFC жеңіл салмағы рейтингінде сегізінші орында тұр.