Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жектің мерзімі белгілі болды
«Спорт Шредингер» ақпараты бойынша, жеңілмеген қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов пен америкалық файтер Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек шамаман мамыр айында UFC 315-те өтуі мүмкін, деп хабарлайды Sport+.
Бұл жекпе-жекпен Белал Мұхаммад жартылай орта салмақтағы UFC титулын алғашқы рет қорғайды.
Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гарриді бірауыздан төрешілердің шешімімен жеңгеннен кейін титулдық жекпе-жекке алғашқы үміткер болып саналады.
Қазіргі уақытта UFC 315 турнирінің өтетін орны туралы ресми ақпарат жоқ. Әдетте американдық ұйым турнир өтетін орынды бірнеше ай бұрын жариялайды.