Бекзат Алмаханның UFC-дегі келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жарияланды
Белгілі қазақстандық бапкер Данеш Дүнгенбаев UFC жауынгері Бекзат Алмаханның октагонға оралу мезгілі туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Бекзат Умар Нурмагомедовпен болған жекпе-жекте күрделі жарақат алды. Оған ота жасалды. Қазір жайлап жаттығуға кірісіп жатыр. Оның келесі жекпе-жегі туралы ақпарат күзде белгілі болады», - деді белгілі маман.