Қуат Хамитов ACA турнирінде Алексей Махноны нокаутпен жеңді (видео)
Тәжікстанның Душанбе қаласында өткен ACA турнирінде қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік Алексей Махноны нокаутпен жеңді.
Жекпе-жек екінші раундтың алғашқы минутында аяқталды.
Бұл жеңіс Қуат Хамитовтың аралас жекпе-жектегі (ММА) кәсіпқой мансабындағы 29-жеңісі болды.