logo

UFC-дегі қазақстандық жауынгер өзінің психикалық ауру екенін мәлімдеді

UFC-дегі қазақстандық жауынгер өзінің психикалық ауру екенін мәлімдеді

2024 жылдың 20 мамырда UFC-де өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Мария Агапова өзінің Instagram желісінде баспанасыз қалып, оны жыныстық құлдыққа алып кете жаздағаны туралы сенсациялық мәлімдеме жасады. Содан кейін жауынгер қыз АҚШ-ның резиденті болғандығы туралы мәлімдеп, Қазақстаннан ешқандай көмек қажет емес екенін туралы айтты. Sport Plus Qazaqstan тілшісі Мариямен байланысып, спортшыдан күтпеген және ашық жауаптар алды.

«Тұрғын үйден басқа маған азық-түлік, дәрі-дәрмек үшін ақша қажет, өйткені мен психикалық ауру адаммын, дәрі-дәрмектерді қабылдаймын, оларсыз ұйықтай, тамақтана немесе жұмыс істей алмаймын. Адамдар маған 200 доллар жіберді, бұл ақшаға аптаның соңына дейін өмір сүру керек, содан кейін мен Техасқа барып, жұдырықтасамын, аз да болса ақша болады», — деді Агапова.

Бұл ретте Мария Қазақстанға оралуды жоспарламайды:

«Мен Қазақстанға оралуды жоспарламаймын, АҚШ-та қалуды және достарымды осында әкелуді жоспарлап отырмын. Себебі Қазақстанда бәрі жаман, қайғылы, сондықтан біз осында немесе Мексикада жиналғымыз келеді».

Агапова мұндай мәселелер бола тұра, UFC-дегі келесі жекпе-жекке қалай дайындалатыны белгісіз.