logo

Әліби Ыдырыс: Менің салмағымда UFC-де үздік 10-қа кіру қиын емес

Әліби Ыдырыс: Менің салмағымда UFC-де үздік 10-қа кіру қиын емес

«Еркін күш» клубының жауынгері, NAIZA лигасының чемпионы Әліби Ыдырыс Sport Plus Qazaqstan сайтына ағылшын тілін үйрену процесі және UFC-мен келісімшарт жазу жолдары туралы айтып берді.

- 10-шы жекпе-жектен кейін ағылшын тілін үйренуді қолға аламын деп өзіме уәде бердім. Шетелге шыққаннан кейін тіл білу керек. Менің салмағымда UFC-де ТОП-10 кіру негізі қиын емес. Жақсы еңбек етіп барсаң, 2-3 жекпе-жекте жарқын жеңістерге жетіп, үздік 10 жауынгер тізіміне кіруге болады. Менеджеріммен сөйлескенде, ол қазір 57 келі салмақта жауынгерлер тізімі толық, сол себепті жарақат алған жауынгерді ауыстырып, немесе Dana White’s Contender Series арқылы бұл ұйымға ілігуге болады. Жарақат алған жауынгерді ауыстыру? Мен дайынмын, кез келген қарсыласты берсе де. Маған UFC­ деңгеіндегі жекпе-жекке дайындалу үшін 3-4 апта уақыт жеткілікті, - деді қазақстандық жауынгер.