logo

Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді

Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев алғаш рет UFC-дің басты кардында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

15 маусымда Асу Алмабаев АҚШ-та UFC промоушеніндегі үшінші жекпе-жегін өткізеді. Ол UFC Vegas 93 турнирінде америкалық Хосе Джонсонмен кездеседі.

Алмабаев пен Джонсонның жекпе-жегі турнирдің басты кардында өтпек.

UFC Vegas 93 турнирінің басты карды төмендегідей:

Алекс Перес және Тацуро Тайра;

Андре Мунис және Икрам Алискеров;

Лукас Алмеида және Тимоти Куамба;

Майлс Джонс және Дуглас Силва де Андраде;

Асу Алмабаев және Хосе Джонсон;

Гарретт Армфилд және Брэди Хистэнд.



Күн шежіресі