Қазақ балуанына тарихи алтын үшін бір табын жылқы табысталды
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұханға бір табын жылқы сыйға тартылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ақтөбе облысының жылқы өсірушілер одағы ата-баба дәстүріне адалдық таныта отырып, балуанға осындай ерекше сый тартуға бел буды. Оған АҚШ-тан тапсырыспен жасалған ер-тоқым да сыйға тартылды.
Сондай-ақ, әлем чемпионы сапар барысында Ақтөбе облыс әкімінің қабылдауында болды.
Ризабек Айтмұхан – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы. Әлемдік рейтингте ол көш бастап тұр.