logo

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының үздігі Азамат Дәулетбеков қатарынан үш дүркін Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

86 келіде сынға түскен Азамат финалда өзбекстандық Жабраил Шапиевті 5:2 есебімен жеңді. Осылайша ол өз салмағында үш дүркін Азия чемпионы атанды. 

Бұған дейін Азамат Дәулетбеков Азия чемпионатынан бөлек, әлем біріншілігінде екі рет қола жүлдеге қол жеткізген. 

Айта кетейік, енді қазақстандық балуандар арасында бүгін Талғат Сырбаз (74 келі) қола жүлде үшін белдесу өткізеді. 

Ал, 13-14 сәуір аралығында әйелдер, 15-16 сәуірде грек-рим шеберлері бозкілемге шығады. Азия біріншілігінде еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен жалпы жиынтығы 30 медаль сарапқа салынады. 



Күн шежіресі