logo

Жазира Орақбаева 2024 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Жазира Орақбаева 2024 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасының боксшысы, Азия чемпионатының 2022 жылғы қола жүлдегері Жазира Орақбаева Тайбэйлік Луо Ю-Тиньді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы ширек финалдық жекпе-жегінде қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, рефери жекпе-жекті тоқтатты. Осылайша, Орақбаева сенімді жеңіске қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасы екі жеңіліске ұшыраған болатын: Алуа Балқыбекова (50 келі) сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, Сымбат Әлиасқар (54 келі) ширек финалда жеңіліс тапты.

Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасында 12 жартылай финалист пен бір финалист бар.