Асу Алмабаев Джонсонмен жекпе-жегі туралы: Ол мені сәл дұрыстап ұстап алғанда қиын болатын еді, себебі «үш бұрыш» әдісі көп жағдайда 100% жеңіс әкеледі
Қазақстандық UFC жауынгері Асу Алмабаев Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Хосе Джонсонмен соңғы жекпе-жегінде жеңілістен қалай аман қалғаны туралы айтты.
«Джонсон «үш бұрыш» әдісіне салған кезде, басында жақсы қылғындырды мені. Бірақ менде тәжірибе болған соң, бұл әдіске қалай төтеп беру керек екенін білдім. Мен қарымта шабуыл жасадым. Оңға қарай бұрылым, тіземді ішке қойып, мойнымды көтердім, бірақ бірден шығып кетуге тырыспадым, себебі қарсылас аяғының шаршағанын күттім. Яғни, белгілі бір тактикаға салдым. Бірақ ол мені сәл дұрыстап ұстап алғанда қиын болатын еді, себебі «үш бұрыш» әдісі көп жағдайда 100% жеңіс әкеледі», - деді жауынгер.
Естеріңізге сала кетейік, 16 маусымда Асу Алмабаев UFC лигасында американдық Хосе Джонсонды үш раундқа созылған жекпе-жекте жеңді. Бұл қазақстандық спортшының ұйымдағы үшінші жеңісі.
Асу Алмабаевпен толық сұхбатты Sport Plus Qazaqstan YouTube-арнасынан көре аласыздар.