Асу Алмабаев келесі қарсыласына үндеу жасады
Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (21-2-0) келесі жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport +.
Файтер инстаграм парақшасында фото жариялап «Қоңырауды күтіп отырмын» деп жазды.
«Біздің команданың файтері кеше ғана жекпе-жектен оралды және келесі қарсыласының күтіп отыр», - деп жазды Darteam.
Алмабаевтың келесі қарсыласы Кай Кара Фрэнс немесе жапониялық файтер Тацуро Тайра болуы ықтимал.