logo

Конор Макгрегор Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен бас тартқан Белалдың шешімін пікірледі

Конор Макгрегор Шавкат Рахмоновпен жекпе-жектен бас тартқан Белалдың шешімін пікірледі

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор америкалық файтер Белал Мұхаммедті UFC 310 турниріне қатысудан бас тартқанына пікір білдірді, деп хабарлайды Sport+.

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Леон Эдвардстан алынған белбеуді алғаш рет қорғауы тиіс болатын. Ол 7 желтоқсанда Лас-Вегастағы UFC 304 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді.

Белал бұл жекпе-жектің болмайтынын растады және әлеуметтік желіде ауруханадан бірнеше сурет жариялап, сол аяғындағы ісіп, тігіліп қалған ортаңғы саусағын көрсетті.

Макгрегор Мұхаммедтің жазбасына күліп, жылап тұрған эмодзимен жауап берді.