Жұмағұлов пен Морозов қалай төбелесу керегін көрсетіп кетті: Руслан Сариев
Алматыда 1 қарашада өтетін Alash pride турнирінің басты жекпе-жегінде Руслан Сариев пен UFC-дің бұрынғы файтері Раулиан Пайва кездеседі. Осыған орай Руслан Сариев Sport + сайтына сұхбат беріп, дайындығы, өткен жекпе-жегіндегі жеңілісі мен өзі мойындайтын ең мықты жауынгерлер туралы айтты.
— UFC-де Жалғас Жұмағұлов, Сергей Морозовпен жұдырықтасқан Пайвамен жекпе-жекке шығасыз. Сіз олармен сөйлесіп, қарсыласыңыздың мықты немесе осал тұстарына қатысты қатысты кеңес алдыңыз ба?
— Ағаларымыздың жекпе-жектерінің өзі жеткілікті. Бізге қалай төбелесу керегін көрсетіп кетті. Әрі қарай тек салқынқандылықпен жұмыс істеу керек.
— Жекпе-жекпектің өтуіне санаулы күндер қалды. Қай жерде дайындалып жатырсыз?
— Алматы қаласында дайындалып жатырмын. Triumph Fights командасымен біргемін.
— Соңғы жекпе-жегіңізде Вандерлейден жеңіліп қалуыңызға не себеп болды? Әлде аз уақытта жекпе-жекке шыққан бразилиялықтың күшін бағамдай алмай қалдыңыз ба?
— Вандерлей жекпе-жекте аса қатты ештеңе көрсете алмады. Алып бара жатқан ештеңесі жоқ. Мен асығыстығымның кесірінен жеңіліс таптым.
— Вандерлеймен қайта төбелесуге, одан кек алуға ниет бар ма?
— Вандерленмей қайта төбелесуге ниетім бар. Ондай мүмкіндік берілсе, төбелесуге дайынмын.
— Сіз Naiza турнирінде жекпе-жек өткізуіңіз керек еді. Алайда кездесу сол күйі өтпеді. Неге сізді Naiza-дан көре алмадық?
— Naiza лигасымен өзара келіспеушіліктер бар.
— Сіз үшін ең мықты 3 жауынгер қандай?
— Мен үшін Қайрат Ахметов, Арман Оспанов пен Шавкат Рахмонов ең мықты жауынгерлер.
— Жеке өмір жайлы айтып өтсеңіз. Мотивацияны қайдан аласыз?
— Қарапайым, шағын отбасыдан шыққанмын. Ата-анам, қарындасым бар. Алғаш рет жеңілгенде қиын тиді. Дегенмен спорт болған соң жеңіспен қатар жеңіліс те болады. Мен соны ұқтым.