Астанада сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді
Астанада алғаш рет 21 жасқа дейінгі есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында сурдо футзалдан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирге Қазақстан, Бразилия, Украина, Оман, Иран, Азербайджан, Таджикистан, Таиланд, Сауд Арабия және Өзбекстан командалары қатысып, бақ сынайды.
Байрақты бәсекенің ашылуы салтанаты мен ұлттық құраманың алғашқы ойыны 1-ші маусымда елордалық «Жекпе-жек сарайында» өтеді. Чемпионат 10-шы маусымға дейін жалғасады.
Сурдо футзалдан әлем чемпионаты – елімізде есту қабілеті зақымданған тұлғалар арасында спорттың дамуына ықпал етіп қана қоймай, қатысушы елдер арасындағы мәдени және достықты қарым қатынасты нығайтады.