Астанада командалық көкпардан жарыс өтеді

Астанада командалық көкпардан жарыс өтеді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында Астанада «Азия Көкпар Лигасы» командалық көкпардан қызықты лига өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ол 21 шілдеде сағат 16.00-де «Тұлпар» ат спорты клубында өтеді. Оған  ең үздік спортшылар мен медиа тұлғалар қатысады.

Көрермендер асық атудан чемпионатта да өз дағдыларын көрсете алады. Сондай-ақ барлық қатысушылар мен қонақтар үшін бүркіт, сұңқар және қазақтың ит тұқымы – тазы бар фотозона ұйымдастырылады.