«Астана» баскетболшылары 43 ұпай айырмашылығымен жеңіліп ұятқа қалды
Елорданың «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының аясында сырт алаңда «Локомотивом-Кубань» командасымен кездесті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Астана» матч бойынша қарсыласына қарсы еш қауқар көрсете алмады. Қорытынды есеп – 84:127, отандықс клуб 43 ұпай айырмашылығымен жеңілді.
«Астана» сапынан ең нәтижелі ойын көрсеткен Ти Джей Старкс болды. Ол 22 ұпай жинады. Ал, Дэниэл Утоми – 20, Джеймс Мюррэй-Бойлс – 18, Данила Походяев – 15, Григорий Мотовилов – 5, Асқар Майдекин – 4 ұпайға ие болды.
Енді «Астана» 29 қыркүйекте Пермь аймағының «Парма» клубымен кездеседі.
ВТБ бірыңғай лигасы. 2-тур
«Локомотив-Кубань» – «Астана» – 127:84 (30:22, 28:25, 34:23, 35:14).