«Астана» Нигерия құрамасының ойыншысымен келісімшартқа отыруға жақын
«Астана» 27 жастағы шабуылшы Даниэль Утомимен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Утоми Американдық Ұлттық студенттік спорт қауымдастығының (NCAA) бірінші дивизионында ойнаған. Ол Оңтүстік Калифорния университетінің командасында бір маусым өткізіп, орташа есеппен 8,2 ұпай және 3,8 рет допты қайтарып алған.
Бірнеше жыл бойы Даниэль Утоми Франция мен Италияның екінші дивизионында ойнаған. Өткен жазда Утоми Грекияның «Колоссос» клубына ауысқан. 24 матчта ол орта есеппен 7,9 ұпай жинап, 3,5 рет допты қайтарып алған.