logo

«Бостон Селтикс» - 2023-24 маусымының НБА чемпионы

«Бостон Селтикс» - 2023-24 маусымының НБА чемпионы

18 маусымда Бостонда «Бостон Селтикс» пен «Даллас Маверикс» арасында Ұлттық баскетбол қауымдастығының (НБА) плей-офф финалдық сериясының бесінші матчы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Үй иелері 106:88 есебімен жеңіске жетіп, 2023/2024 маусымының чемпиондары атанды (4-1).

Матчтың ең нәтижелі ойыншысы «Бостонның» форварды Джейсон Тейтум болды. Оның есебінде 31 ұпай, сегіз рет допты қағып алу және 11 нәтижелі пас бар. Командаласы қорғаушы Джейлен Браун 21 ұпай, сегіз рет допты қағып алу және алты паспен ерекшеленді.

«Даллас» құрамындағы ең нәтижелі ойыншы трипл-дабл жасаған қорғаушы Лука Дончич болды. Ол 28 ұпай жинап, 12 рет допты қағып алып, 12 пас берді. Басқа қорғаушы Кайри Ирвинг 15 ұпай, үш рет допты қағып алу және тоғыз паспен ерекшеленді.



Күн шежіресі