logo

«Астана» Сербияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

«Астана» Сербияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

«Астана» баскетбол клубы 2024/25 маусымына дайындық жоспарын әлеуметтік желілерде жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазіргі уақытта команда Академия залында маусымға алдын ала дайындық кезеңін өткізуде. Барлық ойыншылар, оның ішінде жаңа келгендер де, жаттықтырушылар штабының қарамағында.

Кейін команда 29 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Сербияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Жаттығулардан бөлек, бес жолдастық матч жоспарланған. ВТБ Бірыңғай Лигасындағы алғашқы ойын 22 қыркүйекте «Пари Нижний Новгород» командасымен өтеді.



Күн шежіресі