«Астана Арена» стадионында бұзу жұмыстары аяқталды
«Астана Арена» стадионында барлық бұзу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы қала құрылыс басқармасы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бүгінгі күні негізгі стадионның шатырын күшейту, қабырғаларын және ішкі инженерлік желілерді жөндеу жұмыстары басталды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан желтоқсан айына дейін көшпенділер ойындары өткізілгеннен кейін жылыту және суару жүйесі бар жасанды шөпті ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Аумақты абаттандыру жұмыстары да қарастырылуда.