Әсел Далиева - он екі дүркін әлем чемпионы
Түркияның Анкара қаласында тоғызқұмалақтан VІI әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, дүниежүзілік додаға АҚШ, Мажарстан, Испания, Грузия, Қырғызстан, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Румыния, Түркия, Чехия, Франция, Украина және Қазақстаннан 100-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынады.
Жарыс тоғызқұмалақтың классика, рапид және шапшаң түрлері бойынша өткізіліп, 6 жиынтық жүлде сарапқа салынды.
Мына спортшылар әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарынан көрінді.
Классика/ерлер:
I.Асылхан Қожанәсіп (Қазақстан),
II.Бексұлтан Бостандықов (Қазақстан),
III.Сырттан Сырғақұлы (Қырғызстан),
III.Марлис Дулатбеков (Қырғызстан).
Классика/әйелдер:
I.Әсел Далиева (Қазақстан),
II.Мөлдір Серікқызы (Қазақстан),
III.Адина Асеева (Қырғызстан),
III.Азиза Жамансартова (Қырғызстан).
Рапид/ерлер:
I.Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан),
II.Ерасыл Ауталипов (Қазақстан),
III.Анарбек Джамекеев (Қырғызстан),
III.Белек Абдрашитов (Қырғызстан).
Рапид/әйелдер:
I.Әсел Далиева (Қазақстан),
II.Аяна Исахан (Қазақстан),
III.Айтұрған Мақсатқызы (Қырғызстан),
III.Карина Алексейева (Латвия)
Блиц/ерлер:
I орын – Ринат Керейбаев (Қазақстан)
II орын – Ермұхамед Алайдар (Қазақстан)
III орын – Арыстан Манарбекұлы (Қазақстан)
III орын – Жанбау Диас (Қазақстан)
Блиц/әйелдер:
I.Салтанат Сапарбекова (Қазақстан),
II.Ақерке Кенжебекова (Қазақстан),
III.Әсел Далиева (Қазақстан),
III.Аңсаған Қожанәсіп (Қазақстан).
Әсел Далиева өзінің спорттық жолында тоғызқұмалақтың классика, рапид және блиц түрін қосқанда, 12 дүркін әлем чемпионы атанды.
«Анкара қаласында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бір ай бойы елде дайындалып келген едім. Қызықты да тартысты өткен біріншілікте үздік шыққаныма қуаныштымын», - деді Ә.Далиева.
Командалық есептің нәтижесінде Қазақстан құрамасы 6 алтын, 6 күміс, 4 қола алды. Қырғызстан 7, Латвия 1 қола жүлдеге ие болды.