Асық ату: Астанада турнир чемпионына автокөлік берілді
Асық атудан Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде алғаш рет ашық турнир ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sport +.
Турнирдің финалдық кезеңіне 17 облыс, 3 мегаполистегі іріктеудің қорытындысы бойынша, 21 жастан асқан 2 мыңға жуық қатысушының арасынан 1-2 орын алған 40 спортшы ғана жолдама алды.
Нәтижесінде мыңнан оза шапқан Әнуарбек Нұржігіт JAC темір тұлпарын тізгіндесе, күміс жүлдегер Нұрлан Жомарт 1 000 000 теңге сыйақы алды. Ал қола жүлдегер Ғарышбек Құлыбек 500 000 теңге сыйақымен марапатталды.
Жеңіске деген жігері үшін Жетісу облысының өкілі Қастай Манасқа арнайы кубок берілді.