Андрей Карпович «Қайсармен» ойын туралы: Бірінші таймда біз тым баяу қимылдадық, ал қарсылас стандарттар арқылы көп қысым көрсетті
«Елимая» командасының бас бапкері Андрей Карпович Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Olimpbet QFL Қазақстан чемпионатының 4-туры аясында «Қайсар» командасын жеңген (1:0) әсерімен бөлісті.
«Кездесу екі түрлі таймнан тұрды. Біріншісінде біз тым баяу қимылдадық және қарсылас стандарттар арқылы көп қысым көрсетті. Олар ол жағынан басым, бұны бәрі біледі. Екінші таймда біздер түзетулер енгізіп, гол соға алдық. Ойынның қарқынан төмендететін бірнеше сәттер болды, бірақ бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыра алмадық. Қиын матч, бірақ чемпионатта қарапайым ойындар болмайды. Қарсылас кім екені маңызды емес, өйткені әр ойын финал секілді және оны жеңу керек. «Елімай» жанкүйерлеріне сәлем жолдағым келеді және стадионға келіп, қолдау көрсеткені үшін алғысым шексіз», — деді Карпович.
Минималды жеңіс арқасында «Қайсардан» басым болған «Елімай» жеті ұпайға ие болып, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.