logo

Ақтөбе облысы әкімдігі стадион құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысы әкімдігі стадион құрылысына қатысты мәлімдеме жасады

Ақтөбе облысының әкімдігі әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласында жаңа стадионның құрылысы басталатынын хабарлады, деп жазады Sport+.

«Ақтөбеге жаңа футбол стадионы! 2025 жылы халықаралық стандарттарға сай көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы басталады. 35 мыңнан астам көрерменді сыйдыратын жаңа стадион спорттық және мәдени іс-шаралар өткізуге арналған маңызды орынға айналады, өңіріміздің спорттық әлеуетін арттырады. Қаламыздың мәдениеті мен спорты жаңа белеске көтерілмек!», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Ақтөбе» 2024 жылғы маусымда Қазақстан Кубогын жеңіп алып, Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде ел намысын қорғау құқығына ие болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿 АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ (@aqtobe_oblysy_akimdigi)