Петропавлдық «Қызылжар» командасы 22 жастағы босниялық жартылай қорғаушы Андрия Дрльомен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қоштасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.

Жартылай қорғаушы маусымның ортасында командаға қосылған болатын. Андрия Дрльо «Қызылжар» сапында 8 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пасымен көзге түсті.