logo

«Астана» көшбасшысы шетелдік клубтардың назарына ілікті

«Астана» көшбасшысы шетелдік клубтардың назарына ілікті

Әзірбайжанның «Карабах» футбол клубы қазақстандық «Астана» командасының вингері Усман Камараға қызығушылық танытты, деп хабарлайды Sport+.

Камара «Карабахқа» осы қыста клубтан кететін екі легионердің орнына шақырылмақ. Сонымен қатар, 26 жастағы гвинеялық ойыншыға түркиялық «Сивасспор» да қызығушылық білдіруде.

Камараның «Астанамен» келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды.

Өткен маусымда елордалық клубтың көшбасшыларының бірі 23 матчқа қатысып, 4 гол соқты.