«Оқжетпес» қазақстандық қорғаушымен келісімшартты ұзартты
Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы 24 жастағы қазақстандық қорғаушы Бексұлтан Шәмшімен келісімшартты ұзартқанын хабарлады, деп жазады Sport+.
Бексұлтан Шәмші – шымкенттік «Ордабасы» клубының түлегі. Ол 2024 жылдың басында ресейлік «Ротордан» «Оқжетпес» командасына қайта оралды.
Өткен маусымда қорғаушы «Оқжетпестің» сапында Бірінші лигада 24 матч өткізді.