Анна Данилина US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Анна Данилина US Open турнирінің екінші айналымына шықты

Әйелдер арасындағы жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» санатындағы турнир — АҚШ ашық чемпионатының бірінші айналымында жеңіске жетті.

Әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған Данилина US Open турнирінде сербиялық Александра Круничпен жұптасып өнер көрсетуде. Қазақстан-Сербия дуэті турнирде үшінші нөмірмен тіркелген. Бірінші айналымда олар чилилік Алекса Гуарачи мен мысырлық Маяр Шерифке қарсы ойнады.

Кездесу екі сетке созылып, Анна мен Александраның 7:5, 7:6 (9:7) есебімен жеңісімен аяқталды.

Теннисшілер хард кортта тура 2 сағат өткізді. Осы уақыт ішінде Данилина мен Крунич бірде-бір эйс жасамады, үш қос қателік жіберіп, 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Екінші айналымда Қазақстан-Сербия жұбы Татьяна Мария (Германия)/Зейнеп Сөнмез (Түркия) және Екатерина Александрова/Талия Гибсон (Австралия) жұптары арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен ойнайды.