Теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды

Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бұл бәсекеде жұптық сында өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Анна Данилина жапониялық Мию Катомен бірге Қытай өкілі Цяньхуэй Тан мен мексикалық Рената Сарасуа жұбын жеңді.

Кездесу 4:6, 6:2, 10:6 есебімен қазақстандық-жапониялық жұптың пайдасына аяқталды.

Келесі кезеңде Анна Данилина мен Мию Като ресейлік Мария Козырева мен Майя Ламсденге қарсы ойнайды.



Күн шежіресі