Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында басты сенсацияны жасады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева US Open турнирінің бірінші айналымында әлемнің 12-ракеткасы Белинда Бенчичті жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Юлия алғашқы сетте 4:6 есебімен жеңіліп қалғанымен, матчта 4:6, 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Путинцеваның келесі қарсыласы – қытайлық Циньвэнь Чжэн.