logo

Анкичева, Алмағамбетов және Сыздықова. Загребте өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатының төртінші күнінің тікелей эфирі

Анкичева, Алмағамбетов және Сыздықова. Загребте өтіп жатқан күрестен Әлем чемпионатының төртінші күнінің тікелей эфирі

16 қыркүйекте Загребте өтіп жатқан Әлем чемпионатында 50, 57, 65 және 76 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар жарысты бастайды.

Қазақстан құрамасы осы төрт салмақтың үшеуінде бақ сынайды. Бүгін кілемге шығатын балуандарымыз: Светлана Анкичева (50 келі), Лаура Алмағамбетова (57 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі).

Светлана мен Эльмира жарысты 1/8 финалдан бастайды. Ал Лаура Алмағамбетоваға финляндиялық Йена Кристина Хемайемен іріктеу белдесуін өткізу керек.

Іріктеу белдесулері мен жартылай финалға дейінгі барлық кезеңдер таңғы сессияда өтеді. Ол Астана уақыты бойынша сағат 13:30-да басталады.

Әлем чемпионатын тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі