logo

Камиль Куруглиев әлем чемпионатында жүлде үшін күресті жалғастырады. Белдесудің тікелей эфирі

Камиль Куруглиев әлем чемпионатында жүлде үшін күресті жалғастырады. Белдесудің тікелей эфирі

Еркін күрестен Қазақстан атынан сынға түсіп жатқан Камиль Куруглиев Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль үшін күресті жалғастырады.

Қазақстандық балуан жанкешті белдесулер кезеңіне өтті.

Камиль Загребте екі белдесу өткізді — алдымен Юрий Калашниковты (Израиль) 8:0 есебімен жеңсе, екінші белдесуде Аманула Гаджимагомедовтен 0:9 есебімен ұтылды.

Алайда ресейлік балуан финалға шыққандықтан, Куруглиевке қола үшін күресуге мүмкіндік туды. Жанкешті раундтағы белдесулер ертең таңғы сессияда өтеді. Егер Камиль қола медаль үшін белдесуге жолдама алса, ол белдесу кешкі сессияда өтеді.



Күн шежіресі