logo

Ризабек, Куулар, Яхьярова, Хусаинова: еркін күрес шеберлері медаль тағдырын шешеді. Загребтегі әлем чемпионатының тікелей эфирі

Ризабек, Куулар, Яхьярова, Хусаинова: еркін күрес шеберлері медаль тағдырын шешеді. Загребтегі әлем чемпионатының тікелей эфирі

Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Үшінші күні 65 және 97 келіге дейінгі салмақта еркін күрес шеберлері жүлдеге таласады.

Бұл салмақ дәрежелерінде Қазақстан атынан Начын Куулар мен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан сынға түседі.

Сондай-ақ 55 және 59 келі салмақта қыздар да бозкілемге шығады. Бұл сында Зүлфия Яхьярова мен Виктория Хусаинованы көруге болады.

Қазақстандық балуандардың алғашқы белдесулер кестесі:

Начын Куулар — Тао Вей (Қытай)
Ризабек Айтмұхан — Магомед Курбанов (Ресей)
Зүлфия Яхьярова — Эльвира Сүлейман Камалоглу (Түркия)
Виктория Хусаинова — Селтцин Эрнандес Гуэрра (Мексика)
Алдын ала белдесулер сағат 13:30–да басталады.

Күндізгі сессияның тікелей эфирін, яғни ширек финалға дейінгі барлық кезеңді Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады. Жарыстың басталуы 13:30–да. 



Күн шежіресі