logo

Англия құрамасының тізгінін белгілі бапкер ұстады

Англия құрамасының тізгінін белгілі бапкер ұстады

Неміс бапкері Томас Тухель Англия құрамасының бас бапкері қызметіне кірісті, деп хабарлайды Sport+. 

«Жұмыс қазір басталады. Тухель ресми түрде „Үш Арыстанның“ бас бапкері ретінде жұмысқа кірісті», — делінген Англия құрамасының әлеуметтік желілердегі жарияланымында.

Томас Тухель тізгінін ұстаған Англия 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеудің екі бастапқы турында  Албания (21 наурыз) мен Латвияға (24 наурыз) құрамаларына қарсы ойнайды.