Ангелина Лукас: Қытайда қарсыласымның жағын сындырдым
Жиі жекпе-жекке шығатын қазақстандық боксшы қыз Ангелина Лукас (10-1, 5 КО) Қытайда өткен бокс кешінде Таиланд өкілі Пимчанок Тепжанды (9-6, 6 КО) техникалық нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бұл оның кәсіпқой рингтегі 12-ші кездесуі. Оның 11-інде жеңіске жеткен.
«Мен Қытайда 11-ші жеңісімді тойладым. Бірінші раундта қарсыласымды нокдаунға жібердім. Екінші кезеңде шабуылға шықтым. Осыдан кейін ол жек-жектен бас тартты. Өйткені жарақат алды. Мен қарсыласымның жағын сындырыппым», - дейді Ангелина Лукас.
Жалпы, 27 жастағы боксшының кәсіпқой рингтегі қарсыластарының деңгейіне жиі сын айтылады. Десе де, ол келесі жекпе-жегінің аса маңызды болатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Лукас WIBF, WBC international, UBO International, WBF, UBO World титулдарының иегері.