«Снежные Барсы» Екатеринбургтен бір ұпаймен оралды
Қазақстанның МХЛ-дегі өкілі «Снежные Барсы» өздерінің сырт алаңдағы турын «Алтын дивизион» көшбасшыларының бірі «Автомен» матчтан бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Матч овертаймда алаң иелерінің жеңісімен аяқталды, алайда елордалық хоккейшілер өз қоржындарына бір ұпай қосты.
«Снежные Барсы» сапынан шайбаларды Әділ Бейсембаев пен Кирилл Канкин соқты.
Келесі матчты астаналықтар 6 қазанда «Стальные Листерге» қарсы өткізеді.