logo

Федерация «Астана» - «Елімай» матчында қызмет еткен төрешілердің қателігін мойындады

Федерация «Астана» - «Елімай» матчында қызмет еткен төрешілердің қателігін мойындады

2024 жылдың 2 сәуірінде Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Сарапшылар тобы футболдан ел чемпионатының 3-ші турының даулы эпизодтарын, оның ішінде «Астана» және «Елімай» футбол клубтары арасындағы матчтың 74-ші минутында орын алған ойын эпизодын саралады.

Отырыс қорытындысы бойынша «Астана» - «Елімай» матчының бас төрешісі Артем Кучиннің семейлік ұжымның қорғаушысы Дмитрий Яшинге қызыл қағаз көрсетпеу туралы шешімі қате болғандығы анықталды.

Сондай-ақ, комиссия VAR төрешісі Сергей Ноженконың бұл эпизодқа араласпау, оны назардан тыс қалдыру және Кучинді бейне қайталауды көруге шақырмау туралы шешімі қате екендігі расталды.

Естеріңізге сала кетейік, ойынның 73-ші минутында кездесудің бас төрешісі Артем Кучин «Астана» футболшысы Камара шабуылда дөрекі ойнағаны үшін сары қағаз көрсетіп, сарапшылар мен футбол әуесқойлары арасында үлкен пікірталас тудырды.