logo

Әмір Омарханов Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

Әмір Омарханов Қытайдағы турнирдің жеңімпазы атанды

Қытайда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан екінші санаттағы ITF Juniors - J300 WANJU турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстанның 18 жасқа дейінгі бірінші ракеткасы, жасөспірімдер арасында әлемінің 15-ші ракеткасы Әмір Омарханов финалда ұлыбританиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) жеңді.

Бірінші сет тай-брейкте Бондинг алға шықты, алайда қазақ теннисшісі соңғы екі партияны 6:0 және 6:4 есебімен аяқтап, жеңіске жетті.

Бұл – Әмірдің ITF Juniors турнирлеріндегі алтыншы кубогы. Бұған дейін қарағандылық теннисші Таиландта (J300), Кореяда (J300), Египетте (J100), Грузияда (J60) және туған Қарағандыда (J60) өткен жарыстарда топ жарған еді.



Күн шежіресі