logo

Әмір Омарханов Астанада аса тартысты матчта қарсыласын жеңді

Әмір Омарханов Астанада аса тартысты матчта қарсыласын жеңді

Қазақстандық теннисші, әлемнің 1349-ракеткасы, 16 жастағы Әмір Омарханов Астанада өтіп жатқан ITF M25 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ә.Омархановтың екінші айналымда әлемнің 789-ракеткасы, қытайлық, 27 жастағы Ван Аожаньмен кездесуі өте тартысты өтті. 

Таразы басы біресе қытайлық, біресе қазақстандық теннисшіге ауып отырды. 

Бірінші партияда есеп 5:6 болған мезетте Әмір өзі доп бергенде, 40:0 есебімен алда тұрып, есе жіберіп алды — 5:7.

Есесіне екінші сетте Әмір қарымта қайтара алды — 6:4.

Содан кейін шешуші партияда тай-брейкте матчты өз пайдасына шешті — 7:6 (7:1). Тартысты ойын 2 сағат 53 минутқа созылды. 

Қазақстанның жас жұлдызы жартылай финалға шығу үшін әлемнің 737-ракеткасы, 28 жастағы үндістандық Эс Де Праджвал Девпен таласады. 



Күн шежіресі