Әмір Омарханов Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымында

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде төртінші орында тұрған қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 45-ракеткасы, америкалық Матис Фарзаммен өткізді.
Екі сет те тартысты өтіп, Әмірдің пайдасына аяқталды – 7:6 (7:3), 7:6 (10:8). Матч 2 сағат 5 минутқа созылды.
Аустралия ашық біріншілігінде өткен жылы ширек финалға дейін жеткен Әмір Омархановтың келесі қарсыласы кейін анықталады.
Кеше Заңғар Нұрланұлы алғашқы ойынында жеңіске жетіп, екінші айналымға шыққан еді. Ол 1/16 финалда болгариялық Александр Васильевпен ойнайды.