logo

Анна Данилина Australian Open турнирінің келесі айналымына шықты

Анна Данилина Australian Open турнирінің келесі айналымына шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваврамен жұптасып, Australian Open 2025 турнирінің микс санатында бірінші раундтан сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+.

Анна мен Харридің қарсыластары канадалық Габриэлла Дабровски мен бельгиялық Сандер Жилле болды. Матч қазақстан-фин жұбының екі сетте 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңісімен аяқталды.

Данилина мен Хелиовавра келесі кезеңде Э.Мухаммад (АҚШ)/А.Мольтени (Аргентина) – К.Синякова (Чехия)/Ч.Чжан (Қытай) жұптарының жеңімпаздарымен кездеседі.