Қазақстан - үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізуге үміткер

Халықаралық үстел теннис федерациясы (ITTF) 2027-2029 жылдар аралығындағы әлем чемпионаттарын өткізуге түскен барлық өтінімдерді жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге ниет білдірген елдердің қатарына Қазақстан да кірді. Сондай-ақ, үміткерлер қатарында Бразилия, Қытай, АҚШ және Франция бар.
Өтінімдердің толық тізімі төмендегідей:
2027 жылғы әлем чемпионаты: Бразилия, Қытай, Франция, Қазақстан, АҚШ.
2028 жылғы командалық әлем чемпионаты: Қытай, Ирак, Италия, Жапония.
2029 жылғы әлем чемпионаты: Аустралия, Бразилия, Қытай, Германия, Ирак, АҚШ.
Соңғы шешім 2025 жылдың 27 мамырында ITTF-тің жыл сайынғы жалпы жиналысында қабылданады. Онда Халықаралық федерацияның 227 мүшесі чемпионатты өткізу құқығы үшін үміткерлерге дауыс береді.