Америкалықтар да қорқатын: Василий Жиров Бекет Махмұтов туралы пікір білдірді
1996 жылы Атлантада өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Василий Жиров Қазақстан бокс федерациясын басқарған Бекет Махмұтов пен Ұлттық Олимпиадалық комитеттің басшысы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бекет Махмұтов 1998-2007 жылдар аралығында Қазақстан бокс федерациясының президенті қызметін атқарған. Кейін Халықаралық бокс федерациясының (АИБА) бірінші вице-президенті болды.
Василий Жиров белгілі бокс қайраткері Бекет Мамхұтовтың сол кездегі ықпалы мен еңбегін ерекше бағалады. Сондай-ақ ол қазіргі ҰОК басшысы Геннадий Головкин туралы пікір білдірді.
«Ол кісіден бәрі қорқатын, тіпті америкалықтардың өзі. Ол ағылшынша жақсы сөйлейтін. Көзқарасымен-ақ бәрін аяққа тік тұрғызатын еді. Бәрі оның үлкен күш екенін түсінетін. Адамдармен жұмыс істей алды. Мен Геннадий Головкин туралы айта алмаймын. Өйткені Головкинді жақсы танымаймын. Әйтеуір жақсы жігіт, жақсы жұмыс істеп жатыр», - деді Василий Жиров.