logo

Америкадан қос күміс медаль

Америкадан қос күміс медаль

Колорадода жаңадан құрылған WORLD BOXING ұйымының 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы алғашқы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport+

Бұл біріншілікке Қазақстаннан төрт спортшы қатысты. Соның екеуі ақтық сынға жетті. 65 келіде Асылхан Көшербай Чехия, АҚШ және Украина боксшыларынан басым түсті. Ақтық сында Аустралия спортшысымен жекпе жекте 2:3 есебімен жол берді. Осылайша, Асылханның еншісінде күміс медаль.

Бір күн бұрын 85 келіде Даниял Райымбеков финалда Уэльс боксшысына жол берді. Даниял бірінші жекпе жегінде Оңтүстік Корея өкілін жеңген еді. Нәтижесінде Қазақстан қоржынында екі күміс медаль.